Биыл Сыр шарулары 187 мың гектар алқапқа егін егуді жоспарлап отыр. Оның 83,9 мың гектарына Сыр салысы егіледі, дейді облыстық ауыл шарушалығы басқармасы басшысының орынбасары. Сондай-ақ, 5 мың отбасы 3 мыңнан аса гектар жерге бау-бақша егеді. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Ерсұлтан Әпетовтың сөзінше, егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,4 мың гектарға, оның ішінде күріш алқаптары 5 мың гектарға азаймақ. Оның орнына суды аз қажет ететін мал азығы мен майлы дақылдар, картоп, көкөністердің көлемін арттыру жоспарланып отыр.

ЕРСҰЛТАН ӘПЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

//"Ер-әлі" шаруа қожалығы 30 гектар жерге суды үнемдейтін оборудованиені қойды, австралиялық қондырғыны. Су өлешігш ғой тиімді пайдалануға. Пилоттық жоба ретінде нетіп отыр. Одан кейін Таң деген шаруа қожалық жұмыс жасайын деп жатыр қазіргі таңда. /