Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді. Қазір 6 аудан мен Орал қаласын қызыл су басып, 500-ден астам үй мен 400-ден астам саяжайға су кірген.

Су тасқынына қарсы шараларға екі мыңға жуық адам, 300-ден астам техника, 100 мотопомпа мен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Әрі құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Тасқынға байланысты 7 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Облыста олар үшін 17 эвакуациялық пункт бар. Бірақ аймақта тасқынның екінші кезеңі басталады дейді мамандар. Қазір соған қарсы ауқымды жұмыс жүріп жатыр.