Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау облыс әкімінің жеке бақылуында болады. Және олардың орындалуына енді ай сайын талдау жасалып отырады.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ

«Тапсырмалардың барлығы орындалатын болсын. Әсіресе, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына мемлекеттік органның бірінші басшылары тікелей жауапты. Үйлестіру, бақылау сіздерден. Күнделікті қадағалап отырыңыздар қажет болған жағдайда. Ай сайын осыған талдау жасалу керек».