Сыр сахнасында премьера. Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры көрерменге «Үйлену оңай...» атты драмасын ұсынды. Бұл жолы ерекшелік – көрермен спекткальді сахнада емес, театрдың өнер залында тамашалады.

Оқиғада жас отбасының өмірі суреттеледі. Отбасылық өмірге аяқ басқаннан басталған шым шытырық оқиғаларды бас кейіпкер Еламан автор ретінде баяндайды. Сәтсіздік, түсініспеушілік, екі ортаға өзгелердің араласуы, жан жарыңның жаныңды түсінбеуі, осының барлығын бастан өткізген кейіпкер өз хикаясымен бөлісіп, көрерменге терең ой салды. Бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін арқау еткен туынды үй болу үшін бір-бірін түсіну мен жақыныңды бағалай білудің маңыздылығын көрсете білді.

САНАТ ЖҮЗБАЙ – ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ

Көрермен залында емес, театр сахнасында емес, басқа локацияда өтеді. Бұл да көрерменге деген талғам, біздің репертуар арасындағы таңдау жасау мүмкіндігін берді. Бұл спектакльдің жалпы айтар ойы өте көп. Өазіргі қоғам дерттерінің бірін көрермен осылай жасамаса екен ой тастап, спектакль арқылы жеткізгіміз келді.

СҰЛТАНБЕК БИСЕНАЛИЕВ – ТЕАТР АКТЕРІ

Мен үшін жаңалық болған осы спектакльдің форматы, яғни басқа залда өтуі. Ол көрерменге де ерекше әсер қалдырды. Бұл менің кішкентай қызым. Бүгін алғаш рет сахнаға шықты. Ең бастысы біздің көркемдік кеңес мүшелерінің үлкен сынына түскен спектакль еді. Бірақ көрермен өте керемет жоғары деңгейде қабылдады. Маған үлкен қуаныш сыйлады.