Облыс орталығындағы нысандардың мекен-жайлары мен жарнамалық белгілерінің әлі де болса «Тіл туралы» заңға томпақ келетін тұстары көп. Облыстық қоғамдық даму басқармасы қолға алған «Тіл тазалығы» акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарға тексеріс жүргізіліп, бірқатар кемшілік анықталды.

 «Тіл туралы» заңға сәйкес, көрнекі ақпараттар алдымен мемлекеттік тілде жазылуы керек. Алайда бұл талапқа немқұрайлы қарайтындар бар. Әсіресе, қаланың орталық көшелеріндегі ойын-сауық кешендері мен кәсіпкерлік нысандардың көпшілігінде заңдылық дұрыс сақталмаған. Тексеріс барысында оларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды. Ал, бұл бастамаға облыстық қоғамдық даму басқармасымен қатар, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» және ерікті жастар атсалысып отыр.

 ЖАЛҒАСБЕК АМАНОВ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ» ҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы бұл іс бір айлықтың шеңберінде емес, жыл көлемінде атқарылып отырады. Әсіресе, соңғы 2 жылда қоғамдық даму басқармасының бастамасымен бірқатар шаралар қолға алынды. Сондай-ақ, жастар ұйымдарының да белсенділігі жоғары.../