Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жәрдем жасамақ. Биыл компания қолдауымен құрғаған теңіз табанына 4,5 миллионға жуық сексеуіл көшеті отырғызылады. Бұл жұмыстардың барысын бүгін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, еліміздің экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі Нұркен Шарбиев пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал, Қазалы аудандарына жасаған сапарында бағамдап қайтты.

Теңіз табанындағы тіршілікті түлетуге ерекше екпін беріліп жатыр. 2021 жылға дейін құрғаған теңіз ұлтанының 192 мың гектарына фитоорманмилорациялық жұмыстар жүргізілді. Мамандардың сөзінше, осыған дейін егілген сексеуіл көшеттері нәр алып, табиғи түрде өсім алған. Соның арқасында теңіз табанындағы орманды алқап көлемі ұлғайған. Биыл 276 мың гектарға сексеул егу межеленіп отыр.

Бұл туралы толығырақ алдағы шығарылымдарымызда айтатын боламыз.