Қылмыстық қудалау орындары тарапынан адамдарды азаптау фактісі тыйылмай тұр. Мәселен соңғы жылдары облыста 9 полиция қызметкері жазықсыз азаматтарды азаптағаны үшін темір торға тоғытылды. Сорақысы сол қиянат қылғандар қатарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де бар.

Кінәлінің күйін кешіп, жазықсыз жала жабылып азапталған адамдардың жанайқайы бұл. Прокурорлар бір емес, тоғыз бірдей деректі анықтаған. Былтыр облыста 4, ал ағымдағы жылдың тек бірінші тоқсанында 5 азаптау фактісі тіркелген. Тергеу нәтижелері азаптаудың алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілмейтінін көрсетіп отыр. Қадағалаушы орган өкілдері ұйымдастырған форумда мәселе ашық айтылды. Полицейлер тергеу кабинеттері толықтай бейнебақылаумен қамтылып, «соқыр аймақтар» жойылды деп ақпарат ұсынған. Алайда прокурорлар Байқоңыр қаласындағы полиция ғимаратында 32 соқыр аймақ бар екендігін анықтап отыр.

 Жазықсыз жандарға жала жауып, жасамаған қылмысын мойындатуға әрекет еткен полицейлерге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ

// Соңғы 10 жылда Қызылорда облысы бойынша 9 полиция қызметкерлері азаптау фактісімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар 6 жылға бас бостандығы мерзімінен сотталды. Қазіргі таңда біраз қылмыстық істер тергеуде. Бұл өте, маңызды өзекті проблема болып табылады. Азаптау фактісі орын алатын болса онда олардың бірінші басшыларына орыннан босату туралы сұрақтар көтерілетін болады. //

Адамды азаптау деректері тек құқық қорғау органдарында ғана кездесіп отырған жоқ. Мәселен Қазалыдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушының қадір-қасиетін қорлап, қатыгездікпен қараған.

КӘМШАТ МӘДИЕВА - АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ӨКІЛДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ

// Адам құқықтары жөніндегі өкілі Қызылорда облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазалы арнаулы мемлекеттік қызмет көрсету орталығына бару барысында қызмет алушыны жазалау фаткісі анықталды. Орталықты аралау барысында өкіл ешқандай заңнамаларда көзделмеген темір тор шыбықтармен дәнекерленген камераның тор түріндегі қараңғы бөлмеде адамгершілікке жатпайтын, тамақсыз еденде Ж есімді қызмет алушы қамауда ұсталынып отырған.

Аймақта Адам құқықтар жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылғалы 174 арыз келіп түссе, оның 118-іне түсіндірме беріліп, 56-сы қанағаттандырылған.

 Полицейлер тергеу кабинеттері толықтай бейнебақылаумен қамтылып, «соқыр аймақтар» жойылды деп ақпарат ұсынған. Алайда прокурорлар Байқоңыр қаласындағы полиция ғимаратында 32 соқыр аймақ бар екендігін анықтап отыр. Облыстық полиция департаментінің бастығы осыған дейін қылмысын жасырған құйтырқылық құқық қорғау қызметкерлерінде кездескенін де жасырмады.

МАХСУДХАН АБЛАЗИМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

//Өзімізде, ішімізде тексерулер жүріп жатады. Мынадай фактілер болған. Қазір ондай фактілер жоқ. Қондырылған камералар кабинетте, коридорда әртүрлі способпен фуражкасын іліп қояды. Немесе үстіне портфель қояды да көрінбейтін жағдайға әкеледі. Ондай фактілер бойынша соны істеген қызметкерлер қойып жатқанда камераға түскен қызметкерлер белгілі ішкі істер органдарынан шығарылды.//

Облыстық адвокаттар алқасының төрағасы қылмыстық атқару жүйесіне қатысты мекемелерде заңмен тыйым салынған құжаттарды тексеру тыйылмай тұрғанын жеткізді.

МЕЙІРБЕК ДАУБАЛАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

//Соңғы уақытта тергеу изоляторларында адвокаттардың досьелерін тексеру орын алып жатыр. Менің қорғауымдағы тұлғаға қатысты қорғау досьемді бір емес екі рет тексеру әрекеті орын алған болатын. Заңға қайшы екенін қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне айтқаныма қарамастан мұндай әрекеттер тоқтатылар емес.

Форум қорытындысында облыс прокуроры айтылған ұсыныстар зерделеніп, олардың орындалуын бақылауға алынатынын жеткізді.