Қызылорда еріктілері мен «Зекет және қайырымдылық» қоры бірлесіп, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтті.

«Күшіміз - бірлікте» акциясы аясында азық-түлік пен киім-кешек, төсеніш заттар мен қажетті құрал-саймандар, сондай-ақ, 3 тоннадан астам күріш пен жеке гигиеналық заттар жиналды. Еріктілердің сөзінше, қызылордалықтар белсенділік танытты. Арасында дәрі-дәрмек әкелгендері де бар. Жіберілген көмектің жалпы салмағы 30 тоннаға жуықтайды. Ұйымдастырушылар материалдық көмек жинау іс-шарасы әлі де жалғасатынын айтты.