Бүгін мың айдан да қадірлі Рамазан айындағы қасиетті Қадір түні. Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнді күллі мұсылман қауым Аллаға құлшылық етумен өткізеді. Бұл түні жасаған құлшылықтың берекеті мол, сауабы сансыз.

Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі, осы түні адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Барлық мешіттерде уағыз айтылып, дұға оқылады. Өткен қате-кемшіліктер мен күналары үшін өкініп, жаратқанның кешірімін тілеген адамның тілегі де қабыл болмақ. Сондықтан осы кеште көбірек дұға жасаған абзал. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де өз үйлерінде де өтей алады. Ал 9 сәуірде мұсылмандар Ораза айт мерекесін атап өтеді. Сонымен қатар, биылғы пітірсадақасы жан басына 640 теңге болып бекітілді.

ҚАЙЫРБЕК ОТЫЗБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ «АҚМЕШІТ-СЫРДАРИЯ» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ

«Бүгін қасиетті жұмамен қатарласып келіп жатыр. Алла тағала бұл түнді баршамызға берекелі қылсын. Пайғамбарымыз өзінің хадисінде айтады кімде-кім Қадір түнін құлшылықпен, сауабын Алладан үміт етіп өткізетін болса Алла ол пендесінің үлкен күнәларын кешіреді дейді. мінекей сол үшін Қадір түнінде әрбір иісі мұсылман барынша жақсы амалдармен, дұға-тілектермен өткізгені абзал. Әрібр мұсылман баласы осы түнда барынша намазбен, құран оқумен, Алланы зікір етумен және Алладан көбірек кешірім сұрау арқылы өткізсе, иншалла бұл түннің берекесіне, жақсылығына жетеді".