Аралдықтар “Таза Қазақстан” республикалық акциясына үн қосты. Экологиялық іс-шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады.Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсене қатысып жатыр.

Бүгін аудан орталығындағы көшелер қоқыстан тазартылып, қоршаулар сырланды. Тіпті аялдамалар мен бағдаршамдарды сүртіп-тазалап, айналаны жөнге келтірді.

Экологиялық акция аясында 1000 түп тал шыбықтары егілді. отырғызылуда. Жалпы тазалық жұмыстарына аудан бойынша 12 бірлік техника жұмылдырылып жатыр.

БОТАКӨЗ САРАБАСОВА – АРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ //бүгінгі тазалық акциясында Арал қалалық тарихи музейінің ауласында тазалық жұмысы қарқынды жасалып жатыр. Өзіміздің осы музейдің ұжымы атсалысып жатыр. Енді бұл жерде біз мынау әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымеп қатар тазалық айналаны сыпыру, көгалдандыру сондай шаралар.//