ңірде жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше екпін беріліп отыр. Сонымен қатар облыс орталығында жаңа жылу электр орталығы, халықаралық әуежай терминалы, автовокзал құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Қаланы екіге бөліп тұрған темір жол бойындағы Ясауи және Жаппасбай батыр көшелері 4 жолақты болмақ. Себебі, соңғы жылдары көшелердің тарлығынан ұзақ кептеліс болып, көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде. Қазір Ясауи көшесін кеңейту жұмыстары қарқын алған.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ /// Биыл да жоспар бойынша жолдың жағдайын индикаторын 92 пайызға жеткіземіз деп отырмыз. Оған қомақты қаржылар қарастырылып отыр. Жалпы облысымызда жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылды. Осы қаражаттың арқасында біз өңірдегі 266 шақырым жолдарды, көшелерді, көпір өткелдерін жөндеуді межелеп отырмыз.

Жаңа жылу электр орталығының құрылыс алаңында 300-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Жоспар бойынша бұл нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.

МЕДЕТ УСАИН ¬– ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Түрік компаниясы бу қазандығын салады және электр желілерін салады негізгі қондырғыларымен. Ал, мемлекет тарапынан бу қазандығына газ құбыры жүргізілетін болады. //Жалпы бұл жобаның құны 15 млрд.теңгені құрайды. Бұл 15 млрд.теңгеге Бену-Базой-Шымкент газ құбырынан жаңа бу қазандығына газ құбыры тартылады. Және жаңа автоматтандырылған газ станциясы салынады.

Заманауи үлгідегі әуежай терминалының ішкі жұмыстары толық аяқталған. Енді жаяу жүргінші жолдар салынып, абаттандыру жұмыстары қолға алынады.

ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Аэропорт терминалы іске асырылған жағдайда. Ақтау қаласына маусым айында бастасақ па деп жатырмыз. Аптасына екі рейстен. Сосын Түркия елінің Анталья қаласына бастасақ па деп жатырмыз. Соған келісім-шарттар жүргізілді.

Және бір жаңалық. Биыл қаланың сол жағалауынан жаңадан автовокзал пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, шаһардағы көлік тасымалын реттеу үшін экотаксилер келеді деп күтілуде.