Егде тартқан адамдар ерекше назар мен күтімді қажет етеді. Ардагерлердің денсаулық мәселелері Достық үйінде өткен жиында талқыланды.

Мамандардың айтуынша, халыққа жүйелі түрде скринингтік тексеру жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, әрбір емханада қарттар денсаулық мектебі жұмыс істеуде. Онда қарттар мен еңбек ардагерлері денсаулық күтіміне қатысты кеңес ала алады. Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов халықтың денсаулығын жақсартуға басымдық беріліп жатқанын айтты. Ауыл-аймақтарда дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға беріліп, мамандардың біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыстар қолға алынған.

ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //4.10// Егде жастағы адамдардың жиі кездесетін аурулары осы көз аурулары. Бірнеше азаматтар мен ақсақалдарымыз бұл мәселені көтерді. Облыстық көпбейінді ауруханасындағы көз ауруларына кезектіліктің көп екенін айтты. Енді біз сол Қазалы темір жол ауруханасында көз аурулары бөлімшесі ашылып, бірінші көмегін жасап жатыр. Екінші кезекте қосымша Арал ауданында, Жаңақорған ауданында қосымша көз аурулар бөлімшесін ашу үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Кездесу соңында облыстық ардагерлер кеңесі мен денсаулық сақтау басқармасы екіжақты меморандумға қол қойды. Тараптар меморандумға қол қою арқылы ардагердің ем алуы бойынша туындаған проблемалық мәселелерде ортақ шешімге келеді. Және әрбір мәселені зерттеуде бірлесе жұмыс істейді.