Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерлері Хұсейін Әмір-Темір, Сәдуақас Аңсат және Мұхит Әбдікәрімовті мерейтойымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс», – деген болатын. Біздің облыста үзілмеген үрдіс бар, ол: елдік істе адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсету үлгісі. Солардың бір шоғыры - Нартай Бекежанов атындағы өнер ордасында жарты ғасырға жуық қызметімен қоғам құрметіне кенелген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Жүсіпұлы Әмір-Темір мерейлі 85 жасқа, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы және республикалық «Тіл сақшысы» ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат 80 жасқа және Қызылорда қаласының Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов 70 жасқа толу құрметіне қадір-қаумет жасалды.
Жиында мерейтой иелеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар, Рауан Кенжеханұлы Сәдуақас Аңсатты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапаттады. Басқосуда мерейтой иелеріне ізгі лебіздер айтылды.