Келесі бейнематериалымыз саналы ғұмырын денсаулық саласына арнаған ақ халатты абзал жан туралы болмақ. Қызылордалық Гауһар Арынова 24 жыл мейіргер болып, бақытын еңбектен тапқан жан.
Гауһар Арынова ана мен бала орталығының кең тәжірибелі мейіргері болып қызмет атқарады. Ол жұмысқа келе салысымен, нәрестелердің жағдайын бақылайды. Жас аналарға баланы қалай ұстап, оған қалай қарауды үйретеді. Сырлас, психолог, тіпті туған анасындай ақылын айтып, көмегін аямайды.
ГАУҺАР АРЫНОВА – МЕЙІРГЕР
2000 жылдан бастап Алматы қаласы республикалық Медициналық колледжінің оқуын тәмамдап, 1-інші Алматы қаласының перзентханасында жұмыс жасадым. 2016 жылы осы Қызылорда қаласына көшіп келіп, облыстық перинаталдық орталыққа жұмысқа кіріп осы кезге дейін жұмыс істеп келемін. 5 жыл мен неонотолгия бөлімінде мейіргер ретінде жұмыс жасап, қазір кеңтәжірибелі аудит мейіргері ретінде жұмыс жасаймын. Ең бастысы мен осы жұмысымды сүйемін, мақтан тұтамын. Мен үшін бастысы ана мен балаға сапалы қызмет көрсетіп, сол кісілердің алғысын алу.
Медициналық білім мен біліктіліктен бөлек, ойлау, ұйымдастырушылық қабілет, белсенділік мен мобильділікті қажет ететін істе мейіргер міндетінен айныған емес. Дәрігер тағайындаған нұсқаулықпен ем жүргізіп, уақытпен санаспайды.
ГАУҺАР АРЫНОВА - МЕЙІРГЕР
Шала туылған балалар, олар ұзақ жатады ғой, кішкентай кезінен бастап қарап, әбден жақсы көріп, кететін кезде қимадым. Жиырма төртте жеті жұмыс жасаймын. Ең бастысы балаларды өзімнің баламдай жақсы көремін, бастысы аман болсын, осы орталығымызда ана мен бала аман-есен үйлеріне шықсын деп тілейміз, өзімніңде үш балам бар.
Жаңа босанған ананың көңілін тауып, аман-есен үйіне қайтқанша дамыл таппайтын мейіргердің еңбегін әріптестері жоғары бағалайды. Маманның нәрестелерге жанашырлық танытып, мейірімділікпен қарайтыны да көпке үлгі.
ГҮЛЬВИРА СЕЙТЕНБАХОВА - АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өте білікті, іште көптеген медицина саласына үлесін қосып жатқан мейіргерлердің бірі. Жоғарі білімі бар мейіргер ісінің маманы. Балалардың емделуіне, реабитациялық кезеңнің жақсы болуына үлесін қосып жатқан жақсы қызметкерлердің бірі. Жалпы қазіргі таңда облыстық периниталдық орталықта 282 мейіргер өз қызметін атқаруда. Соның ішінде біздің осы Гауһар Тоқтасынқызы бар.
Орталықтағы ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығына қарап, күтім жасау, екпе егу сынды жұмыстардың барлығын мейіргерлер атқарады. Бірден екі адамның өміріне жауапкершілікпен қарау оңай шаруа емес. Жүрегі жылы жандардың қызметіне аналардың алғысы шексіз.
ӘЙГЕРІМ РАҚЫМЖАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Үшінші қаңтар күні егіз қызды босандым, қалай босандым сол сәттен бастап, бізге көмек қажет кезде, барлық медицина қызметкерлері жан-жақтан көмек беріп жатыр, жылы жүзді. Мейірбикелер өте жұмысы, былай айтқанда көріне бермейді, бірақ ананың рөлін атқаратындай, ол кісілердің рөлі көп болады, себебі кейбір аналар өзі баласына қарай алмайтындай жағдайда босанып жатады, болмаса кейбір балалар әлсіз болып жатады, сол балаға өте жақсы көмек көрсетеді, оның ішінде Гауһар апайда көмегін аямайды.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ - ТІЛШІ
Облысымызда он мыңға жуық мейіргер жиырма төрт сағат ел игілігі үшін тынбай еңбек етеді. Дертіне шипа іздеген әрбір жанға көмектесуге әп-сәтте дайын мейіргерлердің еңбегі өлшеусіз екені анық.