Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғимаратында асхана мен заманауи үлгідегі коворкинг орталығы ашылды.
Жаңадан ашылған асхана мен коворкинг орталығы оқу ордасының бірнеше жыл күткен жобасы. Университет асханасы бір мезетте 50 адамға қызмет көрсетсе, студенттерге арналған замануи орталыққа 100 адам сияды.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
«бұл біздің стратегиялық жоспарымыз болатын. бірнеше жыл бұрын арнайы жоспарға енгізіп, университетіміздің ректоры шешім қабылдап, былтырғы оқу жылында құрылыс басталып, салынды. Жалпы бұл жобалардың құны – 360 млн теңге көлемінде».
Кітапхана, заманауи техникалар мен тынығуға арналған шағын зал. Мұның барлығы жаңадан жабдықталған орталықта қарастырылған. Сондай-ақ коворкингте келушілер тегін ғаламтор жүйесін пайдаланып, компьютерлерді қажетіне пайдалана алады.
САЯТ ӨРІКОВ – СТУДЕНТ «Студенттерге арналған орталық жалпы 35 компьютермен жабдықталған. бұл коворкингтің аймағы 510 кв метр. Студенттер және резиденттер қалаған уақытында келіп, өз жұмыстарын, стартап идеяларын жүзеге асырып, жұмыс жасай алады».
Университет асханасы студенттер игілігі үшін тиімді бағада қызмет етеді. Сондай-ақ мәзір де құнарлы тағамдармен қамтылған. Ал білім ошағының басшылығы алдағы уақытта өзге оқу ғимараттарында бұл жұмыстарды жалғастырмақ ниетте.