Өңірде қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері аз емес. Солардың бірі - Людмила Хван. Корей қызының қазақ жұртына, мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Себебі, оның ата-анасы Қиыр шығыстан қоныс аударған кезде жергілікті халықтың қамқорлығын сезініп, қолдауға ие болған.

Людмила Хван Шиелі ауданының тумасы. Кішкентайынан қазақы ортада тәрбиеленген ол қазақ тілін жетік меңгерді әрі бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсті. Бүгінде оның ұл-қыздары да қазақша сөйлейді.

ЛЮДМИЛА ХВАН, ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

//Маған кішкентайымнан Қазақстанда тұрсаң қазақ тілін білу керексің. Бір жыл ішінде күніне бес жаңа сөз жаттасаң қазақ тілін үйренесің дейтін. Мамамда қазақша жақсы біледі. Үйде қызым бар олда жақсы сөйлейді қазақша. Пациенттерге жеңіл. Олар өздерінің проблемаларын айтады маған. Қазақстанда тұрса любой адам қазақ тілін білу керек. Қазақ тілі өте әдемі тіл ғой.//

Корей ұлтының өкілі отбасымызбен қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көреміз. Әсіресе, жылқының сүр етін асып, қазы айналдырамыз,- дейді.

ЛЮДМИЛА ХВАН, ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

//Біз келін алдық, қазақтармен құдамыз. Ұлттық тамақтарды жақсы көреміз. Аптасына бір рет бешбармақ жасаймыз. Қазы айналдырамын... //

Людмила Константинқызы облыстық теміржол ауруханасында жұмыс істейді. Гинекология бөлімінің меңгерушісі қыз-келіншектердің денсаулығын тексеріп, дертпен күреседі. Күрделі операцияларға да кіреді. Білікті дәрігерге науқастардың алғысы шексіз.