Бүгін аймақ активіне облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы таныстырылды. Жиында министрлік өкілі облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы Серік Ергешовты тағайындау туралы бұйрықпен таныстырды

Ел Президенті «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет» деп атап өткен болатын. Аймақтағы криминогендік ахуалдың дұрыс болуы сала басшысына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті. Ал, бұл органның материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Екі жылда 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Республикада алғашқы болып Қызылорда облысындағы барлық ауданда полиция бөлімдерінің жедел басқару орталықтары іске қосылды. Соңғы 3 жылда департаментке жаңа үлгідегі 128 автокөлік табысталды. Биыл тағы 52 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Дейтұрғанмен мүлікті күтіп ұстау жағы бас шайқатады. Біраз көлік жарамсыз боп қалыпты. Мемлекет мүлкіне немқұрайлы қарауға болмайды деді облыс басшысы:

Полиция қызметіне тиесілі айып тұрағының жай-күйі де бас шайқататын күйде. Жаңа басшы айтылған сын-ескертпелерді қаперге алатынын, елге адал қызмет ететінін білдірді. Жаңа басшының аяқ алысы мен жұмыс барысы алғашқы тоқсанда-ақ білінеді, халық та сол кезде бағасын бере жатар.