#арнайырепортаж #репортаж #арал #теңіз #кішіарал #экология #су #ресурс #ирригация #нұржігітов #министр #мәселе #балық #қызылордаоблысы #qyzylordatv
Арал тағдыры – адам тағдырына айналды. Яғни, соңғы жылдары Кіші Арал теңізін қайта қалпына келтіру мәселесінде «бір деңгейлі» және «екі деңгейлі теңіз жасау» деген пікір жиі айтылып жүр. Осы жайт теңіз айдынына үмітпен көз тігіп отырған Арал жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Олар көп жыл бойы солтүстік Арал теңізін бір деңгейлі етуді табанды түрде сұрап келеді. Өзекті мәселе ауданда тағы да талқыға түсті. Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сол жиынға арнайы қатысып, тұрғындармен бірге «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын кеңінен талқылады.