Өңірде әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны жүріп жатыр. Жоспар бойынша биыл 800-ден астам қызылордалық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ.

 Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеу әрбір азамат үшін - қасиетті борыш. Әскердегі темірдей тәртіп ер жігітті төзімділік пен сабырлыққа тәрбиелейді. Осы орайда аймағымызда мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

 ЖАСҰЛАН ШАҢҚҰЛОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ\\

Азаматтарымызға шақырту қағазы жіберіледі. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімдерінен, басқармалардан. Сол шақырту қағазымен ша қырылған жерге келіп, медициналық сараптамадан өтіп, тесттік тексеруден өтіп, полиграфиялық тексеруден өтіп болған соң, командаға тағайындалып белгіленген мерзімде өзінің борышын өтеуге аттанатын болады.Мемлекеттік шекара қызметіне - 170 ер азаматты жіберетін боламыз қыркүйек айының аяғына дейін.

Әскерге өз еркімен барамын деп келген жастардың бірі - жаңақорғандық Құрбанбек Әбілқасанұлы.

ҚҰРБАНБЕК ӘБІЛҚАСАНҰЛЫ - АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Кішкене жібергісі келмей жібердіғой енді, сонда да барам деп шешім қабылдадым. Шалқия кентінен келіп тұрған жігітпін. Он сегізге толғаннан кейін военкоматтан үйге хат келген соң, өз еркіммен армияға барғым келіп келдім. Кішкентай кезімнен бері шекара қызметкері болғым келіп жүрген.

Мамандардың айтуынша, мерзімді әскери қызметті ер азаматтар отбасылық, денсаулық жағдайына байланысты кейінге қалдыра алады. Ал әскери борышын өтеуден қасақана қашқандар Қылмыстық кодекстің 387 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.