Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылында 300 орындық білім ордасы ашылды. Бұл - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген ауылдағы алғашқы нысан. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

 МӘЖИТ ЖАНАЙҰЛЫ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ Алдындағы мектебіміз 1986 жылы соғылған еді. Соған 518 бала сыйыспағаннан бастап, күн тәртібінен түскен жоқ. «жайлы мектеп» ұлттық жобасына ілініп, үлкен қуанышта отырмыз. Бұл мектеп жоғары сапада жүрді. Біз ауыл әкімдігі жанынан қадағалау құрғанбыз. Мектептің құрылысын күнара көріп отырдық.

Жаңарық – Жаңақорғандағы іргелі елді мекеннің бірі. Ауыл балалары бұған дейін ескі мектепте екі ауысымда оқыған. Жаңа жылдың басында «Жайлы мектеп» ашылып, ел қуанышы еселеніп отыр.

 ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ - ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ Осы жасалап жатқан іс-шаралардың негізінде халық аралық көрсеткіштерде ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты кеміп келе жатқанын көріп отырмыз. Oқу ағарту министрлігі ауыл жастарын қолдау көрсету министрліктің басты міндеті болып қала береді. Осы салада қызмет ететін мұғалімдерді қолдау бағытында да бірнеше жобалар қолға алынып жатыр.

Былтыр аймақтың білім саласын қолдауға 264 млрд теңге бағытталды. 6 оқу ордасы, 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне берілді. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде өңірде 20-дан аса білім нысаны бой түземек.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Біздің өңірімізде 21 мектеп салу жоспарланған. Жайлы мектептің 13-і осы ауылдарда, аудандарда салынатын болады. Біз алдағы уақытта да білім саласының дамуына ерекше көңіл бөлетін боламыз.

 300 орындық оқу ордасы заман талабына сай салынған. Білім бағдарына қажетті құрал-жабдықтармен түгел қамтылған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының мақсаты да осы. Ауылда да, қалада да балаларға бірдей жағдай жасау. Мәселен, роботехника кабинеті жаңа технологияға құмар жеткіншектердің зейінін ашып, өрісіне кеңейтуге сеп болмақ.

ӘЛШЕР ОРЫНБАСАРЫ – ОҚУШЫ бұрынғы оқыған мектепте заттар болды. Бірақ кабинет болмады. Біз жаңа мектепке көшіп келгеннен кейін, кабинет ішіндегі осы құрылғалар арқылы ойымызды жетілдіріп жатырмыз. Жаңа мектепке көшіп келгенімізге қуаныштымыз. Осы кабинет өте жайлы. Және қатты ұнады.

АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ жалпы мектептің құны 3 млрд 973 млн теңгені құрайды. жайлы мектепте трансформер парталар.

 Осылайша, Жаңарық ауылының балалары үшінші оқу тоқсанын жаңа мектепте бастайды. Алдағы уақытта өзге ауылдардағы оқушылар осындай қуанышқа кенелмек.