Негізгі Жаңалықтар Мұнайшылар өз таңдауын жасады

Мұнайшылар өз таңдауын жасады

#qyzylordatv 

Өңірдегі мұнай-газ кен орындарында сайлаудың заңға сай өтуіне жағдай жасалды. Вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан азаматтарға арнайы дауыс беру жәшігі жеткізілді. 


 «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақшабұлақ мұнай-газ кен орнына дауыс беру жәшігі жеткізілді. Вахталық қалашықтағы №246-шы сайлау учаскесінде 1214 жұмысшы тіркелген. Түнгі ауысымнан шыққан мұнайшылар өз таңдауларын жасаған соң кезектілік тәртібіне сәйкес әріптестерін алмастырды. Осылайша өндіріс орнында жұмыс бір сәтке де тоқтаған жоқ. Қызметкерлерді учаскеге жеткізу үшін арнайы автокөліктер қатынап жатыр.

Жалпы вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6:00-ден басталды. Бұл учаскелерде 4627 азамат дауыс беру құқығына ие. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар