Негізгі Жаңалықтар Ғасыр жасаған соғыс ардагері дауыс берді

Ғасыр жасаған соғыс ардагері дауыс берді

#qyzylordatv 

Сырдария ауданынан ақпар. 104 жастағы соғыс ардагері Яхия Тасыров бүгін өз таңдауын жасады. 


 Яхия ақсақал аймақтағы ең қарт дауыс беруші, соғыстың соңғы куәгері. Соғыс ардагеріне учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Айта кетейік, Сырдария ауданы бойынша 18 учаске бар. Онда 22 мың 89 дауыс беруші тіркелген.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар