101 жастағы кейуана дауыс берді
#qyzylordatv
Ал, бүгін Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылында 101 жастағы кейуана өз таңдауын жасады. Ғасыр тойын еңсерген Тәжбан әжей осымен жиырмасыншы мәрте маңызды науқанда дауыс беріп отыр. Қазыналы жанның қайырлы қадамы мен оңтүстік аудандағы сайлау барысын әріптесім Елжас Әбділда тарқатады.
Тәжбан Маханқызы 1925 жылы дүниеге келген. Кейуананың балалық шағын естігенде, күнгірт күндердің лентасы көз алдыңда көлбеңдейді. Кейіпкеріміз небәрі 5 жасында ашаршылық зардабын тартса, енді бой жете бастағанда әкесі майдан даласына аттаныпты. Содан соң ағасы екеуі анасына қолғабыс етіп, егін егіп, қой да бағыпты. Бір сөзбен, тағдыр талайын тартқан жан тәуелсіздік таңы атқанына дән риза. Тәжбан әжей бүгінде 12 ұл қыздан 43 немере, 66 шөбере сүйіп отыр. Ғасыр тойын өткерген кейуана міне сол үрім-бұтағының болашағы үшін маңызды науқанда өз шаңырағында дауыс берді.
АЙШОЛПАН ТҰРСЫНБАЕВА – Т.МАХАНҚЫЗЫНЫҢ КЕЛІНІ
Бұл кісі біздің үйдің берекесі. Кешегі күнге дейін бізге ақылын-нақылын айтып отырды. Қазір енді ғасырдан асқаннан кейін сөйлеуі, жүріп тұруы қиындаған, әрине. Бірақ, осылай әрбір сайлауда үйден болса да дауыс беріп, маңызды науқанға жауапкершілікпен қарайды. Мұның өзі бізге өнеге деп білеміз