Тікелей эфирдің тынысы
#qyzylordatv
Бүгін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. 16 сағатқа созылатын ауқымды медиажоба таңғы 9-да басталды. Марафон барысында еліміздегі және шетелдегі сайлау барысы, қоғамдағы өзекті мәселелер мен маңызды реформалар талқылануда. Онлайн-марафон түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.
Тікелей эфирдің сыртында да өз алдына бір әлем бар. Мұнда әр секундтың есебі бөлек. Бір жерде камера дайындалып жатса, енді бір жерде журналистер соңғы ақпаратты нақтылап, жүргізушілер кезекті эфирге қамданып жатыр. Қазір онлайн марафонның қызған шағы. Кадр сыртындағы атмосфера қандай? Оны Әріптесім, Қозы Көрпеш Жасарал айтып береді