ҰҚШҰ байқаушылары: Құрылтай сайлауын ұйымдастыру деңгейі жоғары
#qyzylordatv
Халықаралық байқаушылардың пікірінше, Құрылтай сайлауын ұйымдастыру, оған дайындық деңгейі жоғары.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы парламенттік Ассамблеясының байқаушылары осындай ортақ пікір айтты. Дауыс берудің заңға сәйкес жүруі үшін, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалғанын да жеткізді. Байқаушылар бүгінгі процесс конституциялық реформаның нәтижесі екенін, ол мемлекеттің ары қарай дамуына жоғары үлес қосатынын ерекше атап өтті.
ЭДУАРД НИКОЛАЕВИЧ СЕВЕРИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ
«Барлығы халықаралық стандарттарға сай. Жексенбі болғанына қарамастан, таңғы 7-ден бастап кейбір дауыс беру учаскелерінде шағын кезектер түзілді. Бұдан халықтың елдегі саяси процестерге қызығушылығы жоғары екенін көруге болады. 20 жыл халықаралық байқаушы ретінде қатысып келемін. Айтарым, сайлау комиссиясы мүшелерінің тәжірибесі мол. Ұйымдастыру деңгейі жоғары»