Негізгі Жаңалықтар Қармақшылықтар ел ертеңі үшін таңдау жасады

Қармақшылықтар ел ертеңі үшін таңдау жасады

#qyzylordatv 

Тұңғыш рет өткізіліп жатқан бір палаталы Құрылтай сайлауы кезінде Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша 35 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ауданға арнайы барған түсірілім тобы сайлаушылармен тілдесіп, тұрғындарға көмек көрсеткен автоволонтерлердің жұмысымен танысты. Ауруханадағы жас аналарды құттықтау шарасына қатысты.


 Жосалы кентіндегі №99 сайлау учаскесінде 1200-ден астам адам дауыс беру құқығына ие. Оның ішінде 18 сайлаушы саяси науқанға алғаш рет келіп, ел ертеңі үшін таңдау жасады. Таңмен таласа сайлау учаскесіне келген тұрғындардың бірі – Ербол Омаровтың отбасы. Ол – 25 жылдан бері теміржол саласында қызмет етіп келе жатқан еңбек адамы. 


 ЕРБОЛ ОМАРОВ – АУДАН ТҰРҒЫНЫ

 Қазақстанымыздың көркейіп, өркендеуі жастардың немерелеміздің болашағы жарқын болсын деп дауыс бердік.Осылай өркендей берейік, Қазақстанымыз, дами берейік

Бөлісу

Аймақтық телеарналар