Негізгі Жаңалықтар Байқоңырда 11 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Байқоңырда 11 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

#qyzylordatv 

Байқоңыр қаласында 11 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Осы учаскелердің бірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңырдағы арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай дауыс берді. 


 Қала орталығындағы №125 сайлау учаскесінде 1662 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру барысын учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар бақылап отыр.


 ЕСЕН ҚАЛИЕВ – САЙЛАУШЫ 

Бүгін сайлау учаскесіне өзімнің конституциялық құқығымды пайдалану үшін келдім. Дауыс беруге қатысу – әр азаматтың өз таңдауын жасауға берілген мүмкіндік деп есептеймін. Мен еліміздің болашағы мен одан әрі дамуы үшін дауыс беріп отырмын.


 Комиссия мүшелері учаскеге келген әрбір азаматтың құжатын тексеріп, дауыс беру тәртібін түсіндіруде. Ал, денсаулығына байланысты учаскеге өздігінен келе алмайтын тұрғындар үшін арнайы жылжымалы жәшік жұмыс жасауда.


 ГҮЛЗИРА ЖАЙЫЛҒАНОВА – №125 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Таңертеңнен бастап сайлаушылар учаскеге белсенді түрде келіп жатыр. Дәстүр бойынша ең белсенділердің қатарында аға буын өкілдері бар. Сонымен қатар, көптеген азаматтар отбасымен бірге келіп, дауыс беруде. Біздің сайлау учаскеміз сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар