#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда #сауда

Үкімет бюджет-салық және тариф саясатын реформалау үшін жаңа әдіс әзірлеп жатыр. Бұл туралы Олжас Бектенов мәлімдеді. Жаңа жобаға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жетекшілік етеді.

Осылайша, Үкімет арнайы сарапшылар тобымен бірлесіп, жаңа тәсілдерді жан-жақты талқылауы қажет. «Әсіресе, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселе бар», - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, министрлерге «қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет» деп талап қойды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ /Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз.