Негізгі Жаңалықтар «Қайсар» «Атырауды» жеңді

«Қайсар» «Атырауды» жеңді

#qyzylordatv 

Футболдан ел Премьер-лигасының 26-шы тур ойындары өтті. Соңғы кездері сүреңсіз өнер көрсетіп жүрген жергілікті «Қайсар» көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңындада «Атырауды» 1-0 есебімен тізе бүктірып, маңызды 3 ұпайды еншіледі.


 Турнирлік кестенің көш соңында қалған қос команданың арасындағы кездесуді мамандар «аутсайдерлердің тартысы» деп бағалады. Матчтың алғашқы минутынан-ақ алаң иелері ойын тізгінін өз бақылауына алды. Бірінші таймда жүйелі шабуылдар ұйымдастырып, қауіпті шабуылдар болғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға жақындағанда «Қайсар» ақыры дегеніне жетті. Жүйелі шабуылдардың бірінде Никола Цуцкич «Атыраудың» қақпасынан саңылау тауып, командасын есепте алға шығарды. «Қайсар» келесі ойынын 18 қыркүйекте сырт алаңда «Қызылжарға» қарсы өткізеді.


Бөлісу