#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #арал

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында Аралға барды. Осы сағаттарда министр бастаған делегация аудан халқымен бірге «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасын» талқылап жатыр. Дәл қазір әріптесім Дәулет Сағит Аралдан тікелей байланысқа қосылды. Дәулет, сөз кезегі өзіңізде.

Қайырлы күн, студия! Иә, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу – бүгінгі күні түйіні тарқатылмай тұрған ең өзекті мәселенің бірі. Себебі, Кіші теңізді құтқару бойынша әлі күнге нақты бір тоқтамға келе алмау салдарынан жобаның екінші кезеңі кешеуілдеп жатқаны белгілі. Бұл ретте жиынға қатысушылар өз пайымдарын айтып, мәселе қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, Арал халқы бұл жобаның жүзеге асқанын күтіп отыр. Дегенмен, мамандардың айтуынша, асығыстық танытуға болмайды. Осы орайда министр Нұржан Нұржігітов әрбір ұсыныс мұқият зерттелетінін айтты. Тоқетері, экологиялық жағдайды оңалтуға Үкімет мүдделі. Айта кетейік, жиыннан соң Нұржан Нұржігітов Жақсықылыш кентіндегі ауыз су жүйесімен танысатын болады. Студия, мендегі ақпар әзірге осы.

Рақмет. Арал ауданынан тікелей эфирде жұмыс істеген тілшіміз Дәулет Сағит.