Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында Руханият орталығы ашылды. Сондай-ақ, Қаракеткен ауылында дәрігерлік амбулатория пайдаланауға берілді. Облыс әкімі сапар барысында құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жеке қабылдау өткізді. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады.

Осыған дейін «Руханият орталығы» Шиелі мен Қармақшыда ашылған болатын. Енді міне, жақұт жырдың жалауы желбіреген Жалағашта пайдалануға беріліп отыр. Мәдени-тарихи маңызы мол нысанның ашылу салтанатында аймақ басшысы сөз алып, көпшілікті құттықтады.

Жобаның жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Келбеті келісті нысанда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, ардагерлер мен аналар үйі, сондай-ақ, жастардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Әсіресе, ауданның төл тарихын қаттауға, көненің көзіндей болған жәдігерлерді сақтауға жағдай жасалған.

МИРА ҚАЗБЕКОВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Музей қорларында 9 мыңға жуық экспонат бар.Бұрынғы музей ғимараты аппатты жеп танылған. Музейді де осы орталыққа көшіріп, қор сақтау қоймасын кеңейттік.