Қалалық мәдени және демалыс паркі қайта жаңғыртылып жатыр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев саябақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қалалық саябақты қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. Қазіргі уақытта абаттандыру, демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда. Демалыс паркінің жалпы аумағы 6 гектарды құрайды. Жоспар бойынша мұнда жаңа ғимараттар мен арттракциондар және бетонды скейтпарк салынады. Сондай-ақ 500-ден аса ағаш отырғызылып, 20 мың түп гүл егіледі. Қайта жаңғырту жұмыстары мамыр айында толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі ең бірінші сапаға мән беруді және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

ВЛАДИСЛАВ КИМ - МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

«Бұл паркте жаңа тастөсеніштер төселіп, түрлі ағаштар егіледі. Скейтпарк пен спорт алаңдары да қарастырылған. Дәл қазір біз фонтан қою жұмыстарымен айналысып жатырмыз».