Облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция беймезгіл уақытта көше кезіп, ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырды.

Профилактикалық шара 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында болды. Рейд барысында полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындарын аралап, түнгі сағат 23:00-ден кейін бейсауыт жүрген 292 жасөспірімді анықтады. Бала тәрбиесінде осалдық танытқан 25 ата-анаға хаттама толтырылса, кәмелетке толмаған балаларды ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін 15 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбі қараусыз қалған балалардың қатысуымен болатынын айтады. Сондықтан ата-аналарды бала тәрбиесінде салғырттық танытпауға шақырады.

МҰРАТБЕК МАНАТОВ - ОДП ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Шараның негізгі мақсаты- облыс көлемінде, қала аумағында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықпен қылмысты болдырмау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара.