Қазақстанда 90 млн гектардан астам жер эрозияға ұшыраған. Яғни, топырақтың құнарлылығы төмендеп кеткен. Бұл ауыл шаруашылығы үшін өзекті проблемалардың бірі болып отыр.
Сондықтан алдағы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі 30 млн гектар жерді құнарландырмақ. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.
АЗАТ СҰЛТАНОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін біз диқандарға жеңілдетілген несие беруді жоспарлап отырмыз. Олар ол қаражатқа минералды тыңайтқыштар алып, еншісіндегі жерді өңдейді. Бұл өнім көлемін арттыруға да септігін тигізеді».