#qyzylordatv

Арал ауданында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында жауапты сала басшылары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 Қылмыспен күрес, зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан құқық қорғау органдары мен білім саласы қызметкерлері күн сайын рейд жұмыстарын жүргізіп, түрлі іс-шаралар өткізуде. Жиында сөз алған білім саласының ардагері Нұралы Оспанов «Бала тәрбиесі – ортақ міндет. Сол себепті ата-аналардың да жауапкершілігін арттыру керек»,- дейді.