#qyzylordatv

Ғасырдың зұлмат зардабы – Чернобыл оқиғасына биыл 39 жыл. Осыған орай, қызылордалықтар ядролық апат құрбандарын еске алып, ажал уын жоюға қатысқандардың рухына тағзым етті.

1986 жылдың 26-шы сәуірінде Украинаның Чернобыль атом электр станциясында алапат апат орын алды. Жойқын жарылыс мыңдаған адамның өмірін қиып, Хиросима мен Нагасаки қасіретінен де асып түсті. Жарылыс зардабын жоюға 900 мыңдай адам жұмылдырылса, оның 32 мыңы Қазақстаннан аттанды. Соның ішінде біздің аймақтан 880 азамат барып, апат болған аймақты залалсыздандыруға атсалысты. Тағзым алаңындағы еске алу іс-шарасында қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров айтулы оқиғаның тарихына тоқталып, апат аймағында ерлік көрсеткен азаматтардың ісін кейінгі ұрпаққа үлгі етті. Мұнан соң көпшілік Чернобыль апатына қатысқандардың рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

 БАҚЫТЖАН ОМАРОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Қазіргі таңда зұлмат апаттың куәгері болған ардагерлеріміздің 300-дейі ортамызда. Чернобыл салдарын жоюға қатысқан мыңдаған Отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы мүмкін еді. Олар өз өмірлері мен денсаулықтарын тәуекелге тігіп, әлем халқын радиацияның зиынды істерінен қорғады. Сондай-ақ, әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Өткеннің естелігін жаңғыртып, сол кездегі өр кеуде өршіл рухты бауырларымызды еске алып тұрмыз. Бұл көптің жанын жаралаған, жүрегінде ізі қалған тарихи әлі тағдырлы күн.//

 Іс-шарадан соң белсенді жастар «Тағзым алаңына» ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, саябақ аумағын тазартып, орындықтар мен ескерткіш тақтайшаларды жуып шықты.