Облыс ортылығында жаңа оқу жылы қарсаңында нөмірі 101-мектеп-лицейі мен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебі жанынан бой көтерген қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Енді осыған дейін үш ауысыммен оқыған жеткіншектер жайлы нысанда емін-еркін білім алмақ. Аймақта апатты мектептер мәселесі де оңтайлы шешілуде.