Негізгі Жаңалықтар Сарыарқаға Сырдан сәлем

Сарыарқаға Сырдан сәлем

#qyzylordatv 

Биыл өңірдегі іргелі ұжым «Томирис» би ансамблінің құрылғанына – 25 жыл. Мерейтойға орай мың бұралған бишілер еліміздің әр аймағын аралап, шығармашылық кеш өткізуде. Кезекті гастрольдік сапар Қарағанды облысында ұйымдастырылып, кәсіби өнерпаздар Сарыарқа жұртшылығына Сырдың сазды сәлемін жеткізді. 

 


 Рухани кеш Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында өтті. «Биге оранған Қызылорда» атты мерейтойлық концертті қарағандылықтар жылы қабылдады. Шарада ансамбльдің әр жылдардағы үздік қойылымдары сахналанып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық нақыштағы билер мен заманауи хореографиялық композициялар үйлесім тауып, кештің мазмұнын байыта түсті. Ансамблдің ширек ғасырлық тойына арналған кеште облыстық филармонияның өзге де әртістері өнер көрсетіп, жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Айта кетейік, дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында құрылған ансамбль 2001 жылы жұмысын бастаған. Содан бері еліміз бен алыс-жақын шет мемлекеттердің сахналарында өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктерін көрсетіп келеді.

Бөлісу