Негізгі Жаңалықтар Ірі су қоймаларында 57,9 млрд текше метр су жинақталған

Ірі су қоймаларында 57,9 млрд текше метр су жинақталған

#qyzylordatv 

Елдегі ірі су қоймаларында 57,9 млрд текше метр су жинақталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.


  Биыл 1,2 млн гектар суармалы жерді суаруға шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш егісінің көлемі 21,6 мың гектарға қысқартылды. Заңсыз су пайдалану фактілері бойынша 17 мың гектардан астам жерді суарған 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, тиісті шарттарсыз 5,5 мың гектар жерді суарудың 929 фактісі анықталды.  


СЕЙІЛБЕК НҰРЫМБЕТОВ - ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН РЕТТЕУ, ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

«Алғаш рет қазсушардың жұмыстары толықтай цифрландырылды.Қолма қол есеп айырылысу алынып тасталды. Ж мен суармалы жерлерге мониторинг енгізіліп, суды заңсыз әәкелгендерге тиісті рәсімдеу шаралары атқарылды".


Бөлісу