Негізгі Жаңалықтар «Прогресс МС-35» жүк кемесі ұшырылды

«Прогресс МС-35» жүк кемесі ұшырылды

#qyzylordatv 

Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына жүк кемесі тиелген зымыран-тасығыш ұшырылды. Зымыран экипажға қажетті қормен бірге қашықтан басқарылатын роботқа арналған эксперимент жабдығын да ала кетті. 


 «Прогресс МС-35» Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Атап айтсақ, атмосфераны толтыруға қажетті оттегі, су, азық-түлік, санитарлық-гигиеналық құралдар және дәрі-дәрмектер мен ғылыми зерттеулерге қажетті жабдықтар бар. «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы Халықаралық ғарыш станциясымен 19 қыркүйекте түйіседі деп жоспарланып отыр. Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшу процесін күні кеше алматылықтар да тамашалай алды. Себебі, ара қашықтық мың шақырымнан асса да ғарыш кемесі қалдырған із Алматы маңындағы таулардың арасынан анық көрінген. 

Бөлісу