Қызылордада тұмау өршіп тұр. Соңғы екі айдың өзінде тұмаумен тіркелгендер саны 6 мыңнан асып жығылады. Әсіресе, 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық көбейген, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.
Мамандар мұны эпидмаусымның басталуымен түсіндіріп отыр. Осы орайда қазан айынан бастап өңірімізде жіті респираторлы вирусты инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 38 325 адамға «Гриппол плюс» екпесі салынған.
Қазіргі таңда ауруханалар мен емханаларда тұмауға қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

ЕРЛАН ҰЗАҚБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

"Қалада жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмаудың кезекті эпидемиялық маусымын алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде. Қалада эпидемиялық маусымда жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау сияқты басқада инфекциялардың алдын алу, тұрақтандыру және төмендету мақсатында індетке қарсы кешенді ісшаралар жоспары бекітілді."