Спорт әлемінен ақжолтай ақпар. Жерлесіміз Ердәулет Егізбай велоспорттан Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Ал, қыздар арасында өткен сайыста қызылордалық қос бұрымды Аружан Рахымжан мен Аружан Тоқбаева күміс медальға қол жеткізді.

Ердәулет Егізбай 10 шақырымдық топтық Скретч жарысында қарсыластарын қапыда қалдырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал, 4 шақырымдық сайыста велошабандоз командаластарымен бірге, яғни Кирилл Чжан, Андрей Гребенюков және Диас Рысбаймен бірге жүлделі үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, қыздар арасында өткен сайыста еліміздің жастар құрамасы күміс медаль иеленді. Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 ақпанға дейін жалғасады.