Арал ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара барысында 9 мекемеден жетпіске жуық жұмыс орны ұсынылды.

Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі. Нәтижесінде 7 адам тұрақты, 9 адам ақылы қоғамдық жұмыспен және екі тұрғын жастар тәжірибесі бойынша жұмыспенмен қамтылды. Олардың арасында пробация есебінде тұрған азаматтар да бар.

СЕРІК ЖЕТПІСБАЕВ - АРАЛ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

//Аталған шараға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап орталығы бірлесе отырып, тиісті жұмыстар ұсынылды. Борышкерлерге де жұмыс орындары ұсынылып, олар тиісті мамандықтары бойынша есепке алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады//