Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов жастардың экстремизм және терроризм идеологиясының ықпалына түсу қаупінің алдын алу, террористік тұрғыдан осал объектілерді бекітілген салалық нұсқаулық талаптарына сәйкестендіру туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков Байқоңыр кешені аумағындғы ахуалға тоқталды.

Жиында көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық білім, дін істері, қоғамдық даму күшейтуді тапсырды. Облыстық дін істері басқармасы бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстауы қажет. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасына оқушыларды жат діни ағымдардан сақтандыру міндеті жүктелді.