Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Қан майданда қарша бораған оқ пен оттың ортасында болған майдангерлерге облыстық ардагерлер кеңесі құрмет көрсетті.

Соғыс ардагерлері Төлеген Жүнісов пен Әбдірахман Бәйтіктовтың шаңырағында болып, Жеңіс күнімен құттықтады. Қарт сарбаздар қаншама уақыт өтсе де көңіл түкпірінде жүрген сол бір сұрапыл жылдар туралы естен кетпес оқиғалармен бөлісті. Елге амандық, халқымызға тыныштық болсын деген баталы тілектерін білдірді.