Бүгін Тағзым алаңына жиналған қызылордалықтардың тілегі ортақ болды. Барлығы бірауыздан «бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!» деп тіледі. Шын мәнінде екіншідүниежүзілік соғыстағы Жеңіс – ұрпақтарды біріктіретін мереке.

Екіншідүниежүзілік соғысқа Қызылорда өңірі 150 мыңнан астам азаматын аттандырды. 30 мыңнан астам жерлесіміз майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Қасиетті Сыр жері 22 Кеңес Одағының Батырын, 1 Даңқ орденінің толық кавалерін шығарды, 20 мыңнан астам қызылордалық орден және медальдармен марапатталды. Өкінішке қарай, соғыс ардагерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Бүгінде облыста олардың тек 4 ғана қалды.

Әйелдер, қарттар, балалар күн сайын тылда еңбек етіп, соғыстағы сарбаздардың қайсарлығынан еш кем түспейтін өшпес ерлік көрсетті. Осы сұрапыл жылдары облыстың астық алқаптарында 14 мыңнан астам әйел еңбек етті, 266 ұжымшар, 359 өндірістік кәсіпорын мен жүздеген ұйым ұрыс алаңындағы жауынгерлерді қолдауға белсенді қатысты. Олардың еселі еңбегі мен қайсар рухы жадымызда жаңғырып тұрары сөзсіз. «Бейбіт өмірге ештеңе жетпейді, осы құндылықты қадірлей білейік» дейді жерлестеріміз.

//Жеңісті жақындатқандар қатарында менің әкем және жолдасымның да әкесі бар. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мен барша қызылордалықтарға ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін. Айтпақшы, сүйінші хабар – бүгін менің немерем өмірге келді, менің мерекем еселеніп жатыр!/

ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОТАНЫМ!

Екіншідүниежүзілік соғыс басталар бұрын өмірге келген сәбилер туралы «болмаған балалық шақ» деген теңеу бар. Сондай жанның бірі Тамара Маныч. Бүкіл бала-шағасы, туысы Ресейге көшіп кеткен, ал ол: «менің Отаным біреу ғана ол – Қазақстан!», - дейді.

ТАМАРА МАНЫЧ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 273301 00:28/Мен соғысқа дейін өмірге келген ұрпақпын. Белоруссияда туылдым. Балалық шақты біреулер сағына еске алса, менің тұла бойым дірілдейді. Көзіме дереу жас келеді. Гүрсілдеп жарылған бомбалар, орманға қашу, бас сауғалау, ылғи паналайтын жер іздеу. Соғыс аяқталған соң әке-шешем жолдамамен Қазақстанға, қызылордаға келді. Олар осы жерде жерленген. Қазір менің жанымда ешкім жоқ. Бала-шағамның бәрі көшіп кетті. Мені шақырып, көндіре алмады ақыры. Менің жалғыз ғана Отаным бар, ол – менің сүйікті Қазақстаным, менде басқа Отан жоқ! Менің тілегім – бейбіт өміріміз мәңгілік болсын!/