Сырдария ауданында кадет сыныбы ашылды. Сыныпқа ІІ дәрежелі жауынгерлік «Айбын» орденің иегері, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың есімі берілді. Бұл жобаны облыстық білім басқармасы мен полиция департаменті бірлесіп қолға алған.
ОРАЛБЕК ОМАРОВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /1:17-/ Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Құрметті біздің жас біздің болашақтарымыз сіздер осы Талғат ағаларың сияқты мемлекетке адал қызмет жасаңыздар. Абыройлы болыңыздар!
Тағылымды шараға қатысушылар алдымен бейбіт күннің батыры Талғат Қозыбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ол қызметтік борышын адал атқарып, небәрі 25 жасына ерлікпен қаза тапқан. №131 орта мектепте ашылған кадет сыныбы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, құқық қорғау қызметінің беделін арттыруға бағытталған.