Алдағы жексенбіде өңірде мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтеді. Сайлау науқаны Қызылорда қаласында және Арал, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылады. Саяси додада 10 кандидат бақ сынамақ. Оның 9-ы өзін-өзі ұсынған, біреуі партия атынан қатысады.

Сайлау күні 3 округте 27 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Онда 189 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда облысының мәслихаты мен Арал аудандық мәслихаты депутаттығына 3 кандидаттан, ал Жаңақорғанда бір орынға 4 кандидат үмітті. Саяси науқанда 39 мыңнан аса тұрғын таңдау жасайды.

АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ // Қызылорда облыстық мәслихатына №15 округ бойынша 30 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. №14-ші Арал аудандық мәслихатының округі бойынша 3500-ден аса сайлаушы тіркелген. №1-ші Жаңақорған аудандық мәслихаты бойынша 3 мыңнан аса сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Жалпы, 30-наурызға дейін барлық учаскелерге бюллетеньдер таратылады. Яғни, бір пайыз резервті қоса алғанда.

Дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазіргі күні сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Саяси науқанның барысын аккредиттациядан өткен 13 қоғамдық бірлестік пен кандидаттардың сенім білдірген 152 адамы бақылайтын болады.

АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ // Сайлау науқанында барлығы 10 кандидат тіркеуден өтті. Оның 8-і ер-азамат. 2-еуі әйел азаматша. 31 наурыз шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына өтетіндіктен бұл жерде округте, яғни, сол округтің аумағында тіркелген дауыс бере алады.

Сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушар тізімінен тексер атты» сервис жұмыс істейді. Мұнда азаматтар жеке сәйкескендіру нөмірі арқылы өз учаскесін таба алады. Айта кетейік, бүгінде кандидаттар үгіт-насихаттарын жүргізіп жатыр. Ал 30 наурыз – тыныштық күні!