Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында құрылысы созбалаңға салынған әлеуметтік нысандар мәселесі көтерілді.
«Сақалды» құрылыстың бірі Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухана. Мердігер мекеменің кестеден бірнеше мәрте кешігуіне сәйкес, шарт біржақты бұзылып, қайтадан конкурс жарияланған болатын. Жаңа мердігер көптен күткен ауруханың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауы тиіс.
Жалпы аймақтағы құрылыс қарқыны жоғары. Қазіргі таңда облыс орталығында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емхана және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр. Сондай-ақ, құны 2,9 млрд теңгені құрайтын қан орталығының құрылысы аяқталып қалды.
Мамандардың айтуынша, биылдан бастап мердігерлердің жауапкершілігін күшейту мақсатында жаңадан бой көтерген нысанның негізгі конструкциялық бөлігіне 10 жыл, қалған бөлігіне 3 жыл кепілдік мерзімі қойылмақ.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //Әр ауданды ашасыздар. Қай ауданда не бар, не салынып жатыр және бітетін уақыты,сонан кейін қосымша салынып жатқан кезінде қандай деңгейге жетіп жатқандығын бәрін көріп тұрады. Осы бағдарламаны толыққанды әкімге де, депутаттарға доступ беріліп, соны қарап отыратындай жағдайға келтіру керек..//
Ең бастысы, бұл бағдарлама құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылауға септігін тигізбек.