Қызылжармалық жасөспірім төбеттің тырнағынан аман қалды. Арсалаңдаған алабай балаларға ғана емес үлкендерге де шабуыл жасаған. Абырой болғанда адам аман.
Оқиға қалаға қарасты Қызылжарма ауылындағы екі қабатты үйлердің ауласында болған. Әлеуметтік желіге жүктелген мына видеода иттің баланың үстіне төніп тұрғанын көруге болады. Жасөспірім өзін қорғау мақсатында бетін жауып, етпетінен жатып қалған. Сұмдығы сол, төбет араша түспек болған үлкендердің өзіне қарсы шабуылдаған. Тұрғындар мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ, тіпті балдарымызды далаға шығаруға қорқып қалдық,- дейді.
АЙГҮЛ ЖАРЫЛҚАСЫН, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \Мына жерге мусор төгеміз. Соған ит те келеді, сиыр да келеді. Азанда туалетке де шыға алмаймыз шынына келгенде. Көршімде бір квартирант бар еді. Сол қыздың да аяғын тістеп алған\